Жаңа жыл – бұл балалардың және ересектердің ең сүйікті мерекесі. Жаңа жылдық ғажайыпқа сене отырып, оны барлығы тағатсыздана күтеді. Жаңа жылдық шырша мен мандарин, жылтыр ойыншықтар, жылтырақтар, түрлі-түсті гирляндалар, ертегі кейіпкерлері, сондай-ақ сүйікті Аяз Ата мен Ақшақарды көрген кезде бұл үміттері ақталады. Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында балалардың суреттері мен жұмыстарына арналған көрме өткізіледі. «Аяз Атаның шеберханасында» биыл барлық жастағы балалар жұмыс жасап үлгерді. Балалар өз жұмыстарын әртүрлі шығармашықлық материалдарды қолдана отырып, өте әдемі орындады. Балалардың жұмыстарынан біз Аяз Атаның шанамен жүргенін көреміз, көңілді Аққалаларды, мерекеге арнап безендірілген үй, әдемі безендірілген шыршаны көреміз. Барлық жасалынған қолөнерлер Аяз Атамен оның немересі Ақшақардан мерекелік көңіл-күй мен жаңа жылдық сыйлықтар күтуге себепші болады. Балалардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін біз балабақшаның келесі тәрбиешілеріне ризашылығымызды білдіреміз: Жаматы А., Корниенко О.А., Лукьянова Г.А., Кульчицкая Т.Е., Буркитбаева Г.Б.,Дашевская Е.С., Уажиденова У.А., Наймушина М.Л., Абдикадирова К.А., Эйдемиллер Л.Л., Акмагамбетова Б.К., Жапарова А.Ж., Байжанова А.У., Казбекова А.Е., Зернова Н.Н.